Әзірбайжан Мәмбетов атындағы Мемлекеттік Драма және Комедия Театрында «Ана үміті» атты моноспектакльдің тұсаукесері өтеді.
Бұл шығармада ерте жесір қалған Батма ананың еріне деген сағынышы мен қос ұлынан айырылу қасіреті бейнеленген. Соғыс зардабын шегіп, бала қызығын көріп, келін түсіріп немере сүю арманы орындалмайды. Жеңістің 75 жылдығына арналған бұл шығарма ана мен бала арасын айырған ғасырлық мұңға арналған.
- Авторы – Қырғыз Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Ш. Айтматов атындағы Мемлекеттік сыйлықтың иегері драматург Қайрат Иманалиев.
- Қазақ тіліне аударған – Дәулетбек Байтұрсынұлы, ақын және аудармашы.
- Режиссері – Ш. Айтматов атындағы Қырғызстан жастар сыйлығының иегері Уланмырза Қарыпбаев.
- Жетекшісі – Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері Тұрсынбек Қабатов.
Сілтеме бойынша көбірек қойылымдар
Комментарии (0)