“Естілмейтін үн” – жабық есіктердің ар жағындағы шындықтың шыңғыры. Біз сіздерді “Естілмейтін үн” иммерсивті спектакліне шақырамыз.
Бұл қойылым – әйелдердің көрінбей қалған көз жасы, айтылмай қалған айқайы, естілмей қалған үні. Спектакльдің әрбір көрінісі, әрбір қимылы мен әуені әйел жүрегінің шындығынан туындады. Отбасының тас қамалында тұншыққан зорлық, көшедегі қиянат, ұрланған өмір – спектакльде пластика мен әуен арқылы көрініс табады. Әрбір қимыл – шындықтың көрінісі. Әрбір дыбыс – мың жанның айқайы. Бұл – әйелдердің үнін әйелдер жеткізетін қойылым. Енді үнсіздік бұзылды. Үн естілді.
Комментарии (0)