«Дәстүрдің озығы бар, тозығы бар» дегенде қазақ не айтқысы келді?
Дәстүрді берік ұстанып, сезімге орын бермеген адам шынымен бақытты бола ала ма? Әлде махаббат үшін ұлттық таным мен салт-сананы елемегендер қандай нәтижеге жетті? Бүгінгі ұрпақ тектілік пен тамыр тазалығын қалай түсінеді, оның құндылығын қалай бағалайды?
Сырым мен Қарагөз, Нарша мен Мөржан... Төрт тағдыр, төрт таңдау... Бірақ олардың өмір өрімі өлімге алып келгенде, бұл «жеңістің» трагедиямен аяқталуы нені білдіреді? Табиғат пен таным, махаббат пен тауқымет, уақыт пен қоғам, заман мен адам арасындағы тартыста кім дұрыс жолды тапты, ал кім адасты?
Қойылым дәл осы сұрақтарға жауап іздейді. Уақыт жылжыған сайын өзектілігін жоғалтпай, құндылығы арта түскен ұлттық мұраның бүгінгі ұрпаққа айтары мол. Спектакль жаңашыл форма, тосын көзқарас пен тың шешімдер арқылы сахнаға шықты. Оның әр көрерменнің жүрегін тебірентіп, ойға шомдыратыны сөзсіз.
Терең ой... шексіз қиял... Егер осы қойылымның астарына бойлап, асылын таба алсақ, қандай керемет болар еді!
Комментарии (0)