2024 жылғы 6 наурыз күні сағат 16:00-де ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен ҚР Ұлттық музейінде мемлекет және қоғам қайраткері Иманғали Тасмағамбетовтың жеке коллекциясынан «Зергерлік өнер» атты салыстырмалы көрменің салтанатты ашылу рәсімі өтеді.
Көрмеде ұсынылған зергерлік әшекейлер әртүрлі дәуірлердегі шеберлер өнерінің сабақтастығын көрсетіп, Қазақстан, Орталық Азия және Кавказ халықтарының өзара әрекеттесіп, бір-бірінің мәдениеттерін байытып отырғанын дәлелдейді.
Көрмеге мойынға тағатын әшекейлер, самай әшекейлері, сырғалар, білезіктер, жүзіктер, бұрым әшекейлері, гигиеналық жиынтықтар, түймеліктер, тастармен және түйіршіктермен безендірілген хош иісті майларға арналған амфоралар, күміс әмиян, қобдишалар мен тарақ, белдіктер сияқты бұйымдар қойылады.
Сілтеме бойынша көбірек көрмелер
Комментарии (0)