Спектакль "Жас Абай"
Спектакль "Жас Абай"

Қазақтың бас ақыны Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай сахналанатын қойылым Абайдың жастық шағын баян етеді. Спектакльде ақынның танымал поэзиясы мен өлеңдеріне жазылған белгілі әндерін тыңдап, бір-біріне құлай сүйген жандардың Абай мен Тоғжанның әсерлі махаббат оқиғасына куә бола аласыздар. Драмада алғаш рет ақынның қарындасы Кәмшаттың өлімі қозғалады. Сонымен қоса жас Абайдың қоғамдық іске араласа бастаған кезін тамашалай аласыздар.

Бүгінде қазақ сахнасында «Абай» сахналанбаған театр кемде-кем. Дегенмен, әлі сахна көрмеген, ел жүрегін қан жылатқан, жас Абайдың есеюіне, ел ісіне араласуына түрткі болған бір оқиға бар. Ол – Кәмшаттың өлімі. Осынау жағдай Абайға қалай әсер етті? Ағайын араздығын тоқтату үшін жасаған әрекеті, сенімі ақтала ма? Сол жолда кезіккен «есіл Тоғжанға» деген жүрек түкпірінде жасырған сезім шоғын сөндіре ала ма?

Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай сахналанатын «Жас Абай» драмасында Абайдың жалынды жастық шағына, туысқандық қарым-қатынасына, өмірдегі естен кетпес махаббат хикаясына куә бола аласыздар.

  • 19:00-ден кешіккен көрермендер театрға жіберілмейді!
  • санитарлық-профилактикалық іс-шараларды сақтаумен және штаттық жұмыс режимін белгілей отырып 65 жастан асқан  көрермендердің келуін шектеумен ұйымдастыру жүргізілуде!
  • Театр Ashyq пилоттық жобасының қатысушысы болып табылады
Дата публикации: 16.06.2021
Я пойду!
Отметьтесь и расскажите об этом событии друзьям,
чтобы они смогли к вам присоединиться!
Место на карте
Казахстан, Нур-Султан (Астана), проспект Мангилик Ел, B2/3

Комментарии (0)

Театр

Подтверждение номера телефона
Ваш номер используется исключительно для того, чтобы наши партнеры смогли связаться с вами и не передается третьим лицам
Введите код из смс