
Премьера!
Қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, жазушы Мұхтар Мағауин шығармасының желісімен сахналанған әсерлі лирикалық драма – «Әйел махаббаты» спектакліне куә болыңыздар.
Махаббат пен сағыныш, үміт пен өкініш, адам жанының ең нәзік иірімдерін арқау еткен бұл қойылым көрерменді терең сезім әлеміне жетелейді.
Қоюшы режиссер – Нұрсұлтан Қалкенов.
Сіздерді шынайы сезім мен сырлы тағдыр тоғысқан ерекше кешке шақырамыз!
Спектакльдің басты ерекшелігі – қойылымға арнайы жазылған авторлық әндер мен спектакльдің басынан аяғына дейін жанды музыкалық сүйемелдеумен өтуінде. Музыка мен драматургияның үйлесімі көрерменге ерекше әсер сыйлап, оқиға желісін тереңірек сезінуге мүмкіндік береді.
Ұзақтығы: 90 мин.
Жас шектеуі: 16+
Комментарии (0)