Орыстың әйгілі жазушысы С.Маршактың «Жыл он екі ай» ертегісі өгей анасы мен әпкесінен көп қиянат көрген кішкентай Настенька есімді қыздың басынан өткен ғаламат оқиғаны суреттейді. Жаңа жыл қарсаңында өгей анасының бұйрығымен орманға еріксіз бәйшешек іздеуге шыққан бойжеткен таңғажайып оқиғаға тап болады.
Қайырымды қыз қақаған қыста көктем гүлін таба ала ма? Әлде себеті бос қайта ма? Ағайынды он екі ай не себепті бейтаныс аруға қамқорлық танытты? Қызықты оқиғаның жауабы Жастар театрының «Жыл он екі ай» қойылымында толықтай мәлім болады. Ендеше, театрға кел, балақай!
Ертегі кішкентай көрермендерді еңбекқорлық пен қайырымдылыққа, мейірімді болуға үндейді.
Қоюшы суретші – Ерлан Тұяқов, «Үміт» сыйлығының иегері
Балетмейстер – Шырын Мустафина
Костюм суретшісі – Алтынбек Ермұхан
Настенька – Саида Максумова, ҚР Президент стипендиясының иегері , Жанель Рыскельдинова
Сарбаз – Жақсылық Айтқұрман, Шыңғыс Жақыпбай
Патшайым – Әсем Жорабек, Лаззат Куанышева
Өгей шешесі – Айбибі Іскендирова, Мадина Жұмабаева, «Еңбек даңқы» төс белгісінің иегері, Диана Смағұлова, «Еңбек даңқы» төс белгісінің иегері
Өгей шешенің қызы – Марина Халбият, Ғалия Оразова
Профессор – Асылбек Әйтіш, Әбутәліп Әмре
Ертегіші және Қаңтар айы – Алмат Тұрлықожа, Асланбек Жанұзақов
Ақпан айы – Ақжол Алижан, Нұрбек Алибек
Желтоқсан айы – Данияр Уразаев, Елдос Шәйкенов
Наурыз айы – Жақсылық Айтқұрман, Шыңғыс Жақыпбай
Сәуір айы – Нұрбек Әділбек
Мамыр айы – Әсем Жорабек, Лаззат Куанышева
Маусым айы – Марина Халбият, Ғалия Оразова
Шілде айы – Мейірғат Амангелдин, «Үміт» сыйлығының иегері, Әбутәліп Әмре
Тамыз айы – Саида Максумова, ҚР Президент стипендиясының иегері, Жанель Рыскельдинова
Қыркүйек айы – Балжан Зияқұлова
Қазан айы – Айсұлтан Жалиев
Қараша айы – Асланбек Жанұзақов
Елші – Айсұлтан Жәлиев
Фрейлена – Ұлбике Әуелбек, Қаламқас Мелисова
Комментарии (0)