Халық ауыз әдебиетінде кең тараған ертегінің оқиға желісі егде тартқан қарияның аңшылық құрып жүріп, қазды кездейсоқ тұзаққа түсіруінен басталады. Сол кезде кенеттен қазға тіл бітіп, егер құрығынан босатса, ақсақалдың қалаған арманын орындауға уәде береді. Сөйтіп, Қаздардың ханзадасы – Қазыбай аңшыны өз сарайында қонақ қылып, түрлі сый-сияпат көрсетеді. Алайда, аңқау қария жолай кезіккен қу балалардың алдауына ұрынып, әбден сарсаңға түседі. Соңында Қазыбайдан тоқпақты сыйға алған кейуана, сотқар балалардан есе қайырады. Ұлттық дәстүрде ұтымды безендіріліп, әуезді әнмен әрленген ертегі кішкентай көрермендерге қызықты көңіл-күй сыйлайды.
Қойылым тіл алғыштыққа, тәртіптілікке, шыншылдық пен үлкенге құрмет көрсетуге үндейді.
Кейіпкерлер:
- Шал – Бекжан Керімбаев, «Шапағат» медалінің иегері, Әбутәліп Әмре, Алмат Тұрлықожа
- Кемпір – Диана Смағұлова, «Еңбек даңқы» медалінің иегері, Галия Оразова
- Қазыбай – Нұрлыбек Төлеген, Данияр Уразаев, Нұрбек Алибек
- 1-бала – Нұрбек Әділбек
- 2-бала – Айсұлтан Жәлиев
- 3-бала – Асылбек Әйтіш
- Сарай бишілері – Саида Максумова, Айбибі Іскендірова, Әсем Жорабек, Ляззат Куанышева, Жанель Рыскелдинова, Ұлбике Әуелбек
Комментарии (0)