Бағдат пен Банудың кіршіксіз махаббатына бәрі қызығып қарайды. Бірі- болашақ композитор, бірі - мұғалім. Үлкен қалада бір-бірін тапқан қос ғашықтың шынайы сезімі ешкімді бей-жай қалдырмайтыны белгілі. Дегенмен, өмір тосынсыйын әрқашан дайындап тұратынын білеміз. Махаббат хикаясында Асанның үлкен рөл ойнайтынын олар тіпті болжаған емес. Банудың таңдауы мен тағдырдың жазуы бірдей бола ала ма?
Сырлы лирикаға толы Мұқағали Мақатаевтың «Қош, махаббат» мелодрамасында ақынның танымал поэзиясы мен өлеңдеріне жазылған белгілі әндерін тыңдап, бір-біріне құлай сүйген жандардың әсерлі махаббат оқиғасына куә бола аласыздар.
Ескерту: Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 24 қазан 2020 жылғы Нұр-Сұлтан қаласында шектеу және карантин шаралары туралы ҚАУЛЫСЫНЫҢ 3.42. тармағына сәйкес мәдениет объектілерінің жұмысын күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтаумен және штаттық жұмыс режимін белгілей отырып 65 жастан асқан көрермендердің келуін шектеумен ұйымдастыру жүргізілуде!
Комментарии (0)