Астана
Қорғансыздың күні
Қорғансыздың күні

«Қорғансыздың күні» көрерменнің  көз алдына байырғы қазақ ауылындағы кедейлер өмірінің бір көрінісін тамыр-тереңінен қопарып әкеліп, бейшара, қорғансыз жандардың тұрмыс-тіршілігіндегі жан түршігерлік азап пен ауыртпалықты аса шыншылдықпен әсерлі баяндайды. Тағдыр тауқыметін арқалаған  жүдеу үйдегі соқыр әйел, кәрі әже, жас қыздың зарлап қалуы, Ақан сияқты қатыгез, жауыз, қара ниет ауыл әкімінің тағылық қылықтары әшкереленеді.

«Қорғансыздың күні» драмасының бас кейіпкері Ғазиза құс атаулының ішіндегі қарлығаштың ұясын ерекше ықылас танытып бақылайтын еді. Байқағаны, қарлығаш бәрінен қымбат «сенім» сезімін білдіріп, балапандарымен еш үрейсіз адамдар жүрген жерге ұя салады екен. Оған құрметпен қараған табиғатынан арманшыл қыздың адамзатқа деген сенімі қандай болды?! Соқыр ана, кәрі әжесімен «қорғансыз» қалған Ғазиза қоғамнан қамқорлық көре алмай, қорлықтан көз ашпады. Режиссер шешімімен оқиғаға араласатын символдық образдар - жетім баланың тағдыр-тіршілігін басқан қара Түнек пен жәбір-жападан қорғауға ұмтылған Жарық диалогі Ізгілік пен зұлымдықтың мәңгілік күресінен көрініс береді.

Дата публикации: 01.06.2021
Я пойду!
Отметьтесь и расскажите об этом событии друзьям,
чтобы они смогли к вам присоединиться!
Место на карте
8/1, улица 23-15, Нур-Султан (Астана), Казахстан

Комментарии (0)

Театр

Введите номер телефона
Ваш номер используется исключительно для того, чтобы наши партнеры смогли связаться с вами и не передается третьим лицам
Введите код из смс
Введите имя и фамилию

Выберите город

Возврат

ID Билета: