Астана
«Ұлы дала жастары»
«Ұлы дала жастары»

11320u30705_photo-2019-02-01-12-07-12Елбасы 2019 жылды «Жастар жылы» деп жариялағаны баршамызға мәлім. Осыған орай Астана қаласы әкімдігінің Мемлекеттік академиялық филармониясының «Қорқыт» дәстүрлі саз тобы ақпан айының 28 жұлдызында, сағат 19.00 де «Ұлы дала жастары» атты ауқымды кеш өткізеді.

Бұл кештің     негізгі мақсаты – жалынды жастардың шығармашылығын дамытып, қабілетін арттыру, жастардың жан-дүниесінде тулап жатқан өнерін халыққа тарту ету. Өнерге деген махаббатын, сезімін ояту... Аталмыш концертті ұйымдастыру барысында, «Қорқыт» дәстүрлі саз тобының құрамындағы талантты да талапты жастар, тек қана аспаптарда ғана ойнап қоймай, сонымен қатар композиторлық қырларының барында көрсете білді. Кешке келген көрермен мен тыңдарман оған куә бола алады. Сондай-ақ, концерттік бағдарламаға, Қазақ ұлттық өнер университетінің студенттері мен түлектері Аружан Есіркептің (Ермұрат Үсенов пен Серікжан Әбдінұровтың шеберханасы)  Азамат Абдрахиевтің (Әліби Әбдінұровтың шеберханасы) туындылары таңдалып алынды.

Кеш аясында, жас композиторлар Қуат Нұрқожаның «Болашақ», Рахмет Қуаныштың «Жалды жалын», Еркеғали Махмұтқанның «Той думан», Даяна Тұрманованың «Көңілді саяхат», Вали Дәуреннің «Ностальгия», Ғайса Тоғжанның «Толғау», Әділжан Тобжановтың «Қазақ елі», Ализат Дүзелбайдың «Арман», Олжас Байбектің «Саңырық батыр», Үкітай Ерниязовтың «Қаршыға», Айбек Әрімбектің «Жастар», Азамат Абдрахиевтің «Жас талап» (домбыра мен фортепианоға арналған пьеса),  Аружан Есіркептің «Ортеке биі» сынды туындылары дүйім жұртқа тарту етіледі.

 

Купить билет

Дата публикации: 06.02.2019
Я пойду!
Отметьтесь и расскажите об этом событии друзьям,
чтобы они смогли к вам присоединиться!
Место на карте
ул. Кенесары, 32

Комментарии (0)

Концерты

Введите номер телефона
Ваш номер используется исключительно для того, чтобы наши партнеры смогли связаться с вами и не передается третьим лицам
Введите код из смс
Введите имя и фамилию

Выберите город

Возврат

ID Билета: