Бас кейіпкер Макмерфидің күрескерлік дүниетанымы: «Рухың күшті адам болғың келсе, бар нәрсенің күлкілі жағын көруді үйрен». Ол емханада шерменде өмір кешкен жандарға «Мың күн атан болғанша, бір күн бура бол» дейтін қағиданың шындығын ашып берді. Бұл жолда Макмерфи құрбан болып кеткенімен, оның азаттыққа деген сүйіспеншілігі басқалардың сана-сезімдеріне айтарлықтай өзгеріс әкелген еді.Кен Кизидің авторлық идеясы бойынша, оқиға орын алатын жындыхана әлемнің бір шағын моделі, үлгісі сияқты.
Спектакльдің қоюшы суретшісі – Ерлан Тұяқов
Хореограф – Салтанат Жолымбаева
Комментарии (0)