Жаһандану кезеңі белең алған ғасырда, ұлттың болмысына төнген ең үлкен қауіп тіл тағдыры.... Өркениеттің алғы сабында - тіршілік нөпірінде өмір сүріп жатқан қала тұрғындары күнделікті ағыммен тыстағы тіршілікті қойып отбасылық қарым-қатынаста өзге тілді қолдануының салдарынан «мәңгүрт ұрпақ» қаулап келе жатқаны қоғамда алаңдатушылық үрейін туғызып отырғаны жасырын емес. Отан от басынан басталады десек, бір отбасының өз тілінде тілдесе алмай, өзге тілде шүлдірлеуі неткен қасірет?!
«Тіл табысқандар» - ауылдан келген Әпкенің, сан-алуан күлкілі жайттарға тап бола отырып ұлт болашағының бесігін тербеткелі отырған жас қыздың шұбарланған тілін ана тіліне бұруы жайлы көңілді комедия.
Спектакльдің авторы: Мар Байджиев
Қоюши режиссер: Жұмабек Есімов
Қоюши суретші: Баубек Әшірбаев
Жанр: комедия
Қашан: 23 қыркүйек, 19:00
Өткізу орны: Назарбаева, 6, Ж. Шанин атындағы қалалық Қазақ драма театры
Комментарии (0)