Сіздерді қаңтар айының 7, 8 күндері өтетін И.Сапарбайдың «Сыған серенадасы»- музыкалық драмасына Шанин театры шақырады!
Қазақ вальсінің падишасы, ұлы композитор, Қазақстанның халық артисі Шәмші Қалдаяқовтың әнін білмейтін жан жоқ болар. Жүрекжарды әндері соқтықпалы-соқпақсыз тағдыр жолының қилы қалтарысынан өтпесе осыншама көркем болып, жүректе дәл осылай жатталмас па еді? Ал сіз Шәмшінің сезім қылын шертер ғажайып құдіретті әндерінің тууына себепкер болған өмір жолын білесіз бе? Өң мен түстей болған сыған қызына деген тәтті махаббатын ше? Сазды-лирикалық драма - биік өнерді тудыртқан ұлы тұлғаның ащысы мен тұщысы, қиыны мен қызығы, махаббаты мен өкініші аралас әнмен өрілген өмірі жайлы.
Қоюшы режиссері – Ш.Айтматов атындағы Халықаралық сыйлықтың лауреаты Қуандық Қасымов
Қоюшы суретші – ҚР Мәдениет қайраткері Қалтөре Жұмақұлов
Қашан: 7, 8 қаңтар, 18:30
Бағасы: 1500 тенге
Мекен жайы: Нұрсәт м/а. Н. Назарбаев даңғылы 6
Комментарии (0)