Шымкент
«Асан» қысқаметр фильмінің киноталқысы
«Асан» қысқаметр фильмінің киноталқысы

«Qazaq kinosy: Biz kimbiz» жобасының Шымкент қаласындағы сапарын қорытындылайтын үшінші фильм – режиссер Берік Жахановтың «Асан» қысқаметр картинасы. Жобаның үшінші күні Орталық Азиядағы аймақтық Go Viral Festival шарасымен тұспа-тұс келіп, фестиваль бағдарламасы аясында өтеді.

Кино талқының модератор драматург Әннәс Бағдат, эксперт ретінде әлеуметтік ғылымдарды зерттеуші ғалымдар Әйгерім Жақыпбек, Ғалым Жүсіпбек қатысады.

«Асан» қысқаметр фильмі жасөспірімнің өмір туралы қарапайым түсінігі, ондағы өзі мен әкенің рөлі, болмыс мәселесі туралы терең ойға жетелейді. Фильм Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша «Қазақфильм» киностудиясының базасында түсірілген.

«Qazaq kinosy: Biz kimbiz» жобасы АҚШ дипломатиялық миссиясы мен «Шеврон» компаниясы арасындағы Қазақстандағы адами капиталды дамытуға арналған “Makerspace Expands!” серіктестік бағдарламасының нәтижесінде қолдау тапты.

 

Шараға қатысу ақысыз. Тек сілтемеге өтіп тіркелу және кешікпей келу қажет.


Обложка: кадр из к/ф «Асан»

Дата публикации: 15.05.2024
Я пойду!
Отметьтесь и расскажите об этом событии друзьям,
чтобы они смогли к вам присоединиться!

Комментарии (0)

Кинопоказы

Введите номер телефона
Ваш номер используется исключительно для того, чтобы наши партнеры смогли связаться с вами и не передается третьим лицам
Введите код из смс
Введите имя и фамилию

Выберите город

Возврат

ID Билета: