Шымкент қаласында «Qazaq kinosy: Biz kimbiz» жобасының аясында көрсетілетін және талқыланатын екінші фильм – режиссер Жанна Исабаеваның «Аласталғандар» драмасы.
Әйел тұрмыстық зорлық-зомбылыққа неліктен көнеді, қоғам үшін адам қымбат па әлде «абырой» ма, зұлымдықтың көнбіс куәгер болудың жауапкершілігі қандай?
Режиссер бұл кино туындысын 2018 жылы шығарды. Дегенмен фильмде көтерілген мәселелер бүгінгі күннің ең өзекті мәселелерінің бірі.
Киноталқыда тек фильмді тамашалап қана қоймай, эксперттер кинотанушы Молдияр Ергебеков, гендер зерттеуші, заңгер Айгерім Құсайынқызы және модератор кинотанушы Еңлік Егеубаева құнды пікір айтып, әңгіме өрбітеді. Талқыға қатысып, сіз де өз ойыңызды айта аласыз. Осылайша режиссер ойы, бүгінгі қоғамдағы жағдай мен киносүйер көрермен әсері «Qazaq kinosy: Biz kimbiz» жобасында тоғысады.
Шараға қатысу ақысыз. Тек сілтемеге өтіп тіркелу және кешікпей келу қажет.
Обложка: кадр из к/ф «Аласталғандар»
Комментарии (0)