Театрды ұлықтайтын жандармен басымызды біріктіріп «Шинель» қойылымының режиссері Баатр Колаевты сотқа берсек па екен? Қайдан ғана пайда болды бұл, сәбидің күлкісімен, бойы кіп-кішкентай ұсқынсыз Башмачкин? Ол өзі кім? Қыз ба, әлде ұл ма? Ол жынысқа бөлінбейді. Бұл адамзаттың жаратушы алдындағы кейпі. Башмачкин мен шинель арасындағы байланыс тағдыр сияқты басты айналдырып, арбап, алдап жібереді. Қойылымда Акакийдің жанында жындар, елестер жүреді, мүмкін біздің бүгінгі тіршілігіміз, фантасмагориялық аспан әлеміне дейін көтеріліп, шарықтап, өзіндік сиқырын көрсетіп жатқан шығар.
Дегенмен режиссердің үстінен сотқа шағымданбай тұрармыз. Спектакльді тіпті кескіндеп жатып әсеріне кіріп кетеді екенсің. Өзге дүниелік құбылысқа толы «шинель» мистикалық көрініске айналып кетті. Мұның барлығы «Шинель» қойылымының жаңаша интерпретациясында өзіндік ерекше атмосфера құрастырады.
Жас шектеуі: 16+
Комментарии (0)