Елгезектігі мен пысықтығының арқасында ел ішінде Асау Бөкен атанып кеткен жалынды жастардың бірі Танаш ауылда бұрын соңды болмаған жаңа тәжірибе жасайды. Еңбек өнімділігін арттырып, ауылдың жағдайын жақсарту үшін жаңалық енгізбек. Алайда, бұл ойы іске аспай, қарсыластарынан жеңіліс табады. Осынша қыруар іске қырсық боп тиген кім? Өзінің тәжірибесіздігі ме? Әлде балақтан тартқан өз ортасы ма? Оның айналасындағы жұрттың бәрі неге үнемі жаңалыққа қарсы жүреді? Олардың тоғышарлық пен пәлеқорлықтан кірпіштей қатып-семіп қалған санасы қайтсе жаңарады? Ал Асау Бөкен қаққан есіктердің ашылар күні туар ма екен?...
Обложка: zhastar_teatry
Сілтеме бойынша көбірек қойылымдар
Комментарии (0)