Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымының Қазақ мемлекеттік симфониялық оркестрі елорда тұрғындары мен қонақтарын «Жаңа есімдер. «Сеllo дауысы»» атты концертіне шақырады.
Симфониялық музыка кешінде болашақтарынан зор үміт күттіретін талантты Илья Посохов, Исак Батырхан, Шаншар Қинаят, Нұрболат Бауыржан сынды виолончель аспабының жас шеберлері өнер көрсетіп, Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері, ҚазҰӨУ профессоры Бақытжан Мұсаходжаева дирижерлік етеді.
Кеш бағдарламасында А. Дворжактың «Оркестрмен виолончельге арналған концерті» және Э. Элгардың «Оркестрмен виолончельге арналған концерті» орындалады.
Оркестрдің бас дирижері - Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері, ҚазҰӨУ профессоры Бақытжан Мұсаходжаева.
Сілтеме бойынша көбірек концерттер
Комментарии (0)