ҚР Халық артисі Талғат Теменов сахналап отырған «Тыраулап ұшқан тырналар» атты лирикалық драма жеңістен кейінгі совет солдаттарының өмірінен сыр шертеді.
Қойылым бас кейіпкер Пернебек Боранбаев пен неміс қызы Инганың арасындағы кездейсоқтықтан туындаған махаббат тақырыбын көтереді. Осы аралықта адамзатқа ортақ қасиет – махаббат пен жауыздық, адамгершілік пен сыйластық, өшпенділік пен сүйіспеншілік, сағыныш пен мейірімділіктің ұшқынын спектакль барысынан көресіздер.
Комментарии (0)