Астана
Творческий вечер, посвященный 180-летию Ықыласа Дүкенұлы
Творческий вечер, посвященный 180-летию Ықыласа Дүкенұлы

Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымы «Ұлыларға тағзым» жобасы аясында қазақтың атақты күйші қобызшысы, композитор, қылқобызда ойнаудың асқан дүлдүл шебері Ықылас Дүкенұлының туғанына 180 жыл толуына орай рухани өнер кешін өткізеді.

Іс-шара барысында Ы.Дүкенұлының өмірі мен шығармашылығы жайлы ой айтылып, пікір алмасады. Көрермендер назарына күйшінің ең таңдаулы музыкалық шығармалары ұсынылады.

Рухани кеш барысында ҚР Еңбек сіңірген қайраткерлері Жанғали Жүзбай, Раушан Оразбаева, Әлқуат Қазақбаев, ҚР Мәдениет саласының үздігі Мақсат Медеубек, белгілі қобызшы, республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаты Ақерке Тәжібаева, танымал қобызшылар Жанқаш Жұмабеков, республикалық байқаулардың лауреаттары Айдос Оңғарбай және Әлібек Бейменде өнер көрсетеді.

Кеш қонақтары: ҚР Көркем Академиясының академигі, тарих ғылымдарының докторы Марат Әбсеметов, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, ақын Ғалым Жайлыбай.

Дата публикации: 25.05.2023
Я пойду!
Отметьтесь и расскажите об этом событии друзьям,
чтобы они смогли к вам присоединиться!
Место на карте
Астана, проспект Мангилик Ел, 10/1

Комментарии (0)

Концерты

Введите номер телефона
Ваш номер используется исключительно для того, чтобы наши партнеры смогли связаться с вами и не передается третьим лицам
Введите код из смс
Введите имя и фамилию

Выберите город

Возврат

ID Билета: