Әзірбайжан Мәмбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театрында жазушы, ақын және драматург Мұхтар Шахановтың «Танакөз» поэмасы сахналанады. Режиссері Әли Бидахмет.
«Танакөз» поэмасының негізгі арқауы – достық пен махаббат. Екі жігіттің Танакөз есімді аруға деген махаббаты мен өзара достықтары сынаққа түсетін шығарма. Махаббаттың буына мастанған екі жігіт достықтарынан аттап өте ме әлде біріне бірі жол беріп, амал дос емес адал дос екендігін дәлелдей ме?
Қойылымда вальс королі атанған Шәмші Қалдаяқовтың әндерінен ерекше сырға толы музыкалық сахналар жасалған.
Обложка: mambetov_theatre
Комментарии (0)