Қаланың қақ ортасындағы шағын, бір бөлмелі пәтерде әр кезеңде әртүрлі отбасылар өмір сүрген. Бұл 30 шаршы метрлік үйден бес түрлі отбасы мен он адамның тағдыры өткен. Бірақ бұл үйдің басты құпиясын ешкім білмейді — мұнда Үй иесі (Домовой) бар. Қорқудың қажеті жоқ: екі ғасырға жуық өмір сүріп келе жатқан домовой жаңа келушілерді өзінің әңгімелерімен қуана қарсы алады. Бірақ ол неге осы жерде жүр? Неге бұл үйді тастап кете алмайды? Бұл сұрақтардың жауабы тіпті өзіне де жұмбақ...
Комментарии (0)