Дулат Исабековтің «Құстар фестивалі» — мәңгілік өзектілігі бар шығарма
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, жазушы-драматург Дулат Исабековтің «Құстар фестивалі» пьесасы осыдан 32 жыл бұрын жазылса да, өзектілігін жоғалтпаған. Қойылымда қоғамдағы әділетсіздік пен тепе-теңсіздік, әлсіздер мен күштілер арасындағы мәңгілік тартыс шынайы бейнеленеді.
Заман қанша өзгерсе де, адамзаттың табиғаты өзгермейтінін пьеса анық көрсетеді. Әлсіздерге жасалатын әлімжеттік, күштілерге айтылатын мақтау-мадақтар, әділетсіздік пен теңсіздік ешқашан тоқтамаған. Бұл қойылымда адамдарға тән осалдық, көрсеқызарлық, білімді мен білімсізді ақшаның қалыңдығына немесе күштің артықшылығына қарай бағалайтын қоғам құстар бейнесі арқылы көрсетіледі.
«Құстар фестивалі» — қоғамның терең мәселелерін астарлы түрде жеткізіп, көрерменді ойлануға шақыратын ерекше туынды.
Комментарии (0)