Қуанышбаев атындағы музыкалық-драма театрының сахнасында «Шәмші» элегия-спектаклінің көрсетілімі өтеді.
«Вальс королі» атанған ұлы композитор қиялы нені аңсады, жаны неден күйзелді, неге құстай талпынды?! Айтулы ақын Серік Тұрғынбекұлы «Шәмші» атты туындысын текті туған дара дарынның ешкімге ұқсамайтын тылсым табиғатына үңілуге, жан сарайының психологиялық иірімдеріне мән беруге ұмтылған. Шынайы талант иесі қашанда қорғансыз, тіршілікке икемсіз екен.
Шәмші деген төгілген ән-әуен ғой. Спектакль сарыны Шәмші әндері арқылы ашылады.
Спектакльде Шәмші Қалдаяқовтың«Ақ маңдайлым», «Қайықта», «Кешікпей келем деп ең...», «Бақыт құшағында», «Сыған серенадасы», «Ана туралы жыр», «Теріскей», «Менің Қазақстаным» (Әнұран) әндері мен Естайдың «Құсни-Қорлан»,А. Жұмашевтың «Аққу дастан» әндері орындалады. Мұқағали Мақатаевтың «Жазылар естеліктер мен туралы»,
Қалқаман Сариннің «Мінәжат-монолог», «Көп қарғаның аңдығаны өлексе» өлеңдері оқылады.
Сілтеме бойынша көбірек қойылымдар
Комментарии (0)