Қ. Қуанышбаев атындағы музыкалық-драма театрында Эрик-Эммануэль Шмиттің «Оскар және қызғылт ханым» туындысы негізінде құрылған «ХАТ» спектаклі өтеді.
Француз жазушысы Эрик-Эмманюэль Шмиттің аталған туындысында қоғамдағы өзекті мәселелер қозғалады. Адамдардың бойынан мейірім, қайырым, сүйіспеншілік қасиеттері жоғалған, қазіргі уақытта, бұл шығарманың маңызы, мәні зор болмақ.
Мәселен, кішкентай, балақай Оскарды айталық. Ол оң-солын танымаған соң, әке-шешесі оны мүлде жақсы көрмейді деп ойлайды. Шын мәнінде тіпті де олай емес еді. Оның әке-шешесі баласы үшін шырылдап жүрген болатын.
Рас, біз кей-кейде ата-анамыздың қадір- қасиетіне жете алмаймыз! Ал, тереңнен толғанып, барлығын сараптап, Құдайды танитын болсақ, әке-шешенің жасаған (саған байқалмайтын) жақсылығын ұғынар едік. Оскар, Роза әжейдің арқасында ойы, санасы, пайым-парасаты бірте-бірте өзгере түседі.
Спектакльдің жанры –философиялық драма. Мұны тамашалаған патша көңіл көрермен рухани азық алып, тағылым танып, ой түйері анық.
Жанр: философиялық драма
Жас ерекшелігі: 7+
Ұзақтығы: 1 сағат 20 минут
Сілтеме бойынша көбірек қойылымдар
Комментарии (0)