UPD: Спектакль өтетін күні 30 қарашадан 11 желттоқсан күніне жылжыды.
Сіздерге мейірімділік пен зұлымдық, достық пен адалдық, көреалмаушылық пен адалдық астасып жатқан құстар әлемі туралы таңғажайып ертегіні ұсынамыз. Бұл сиқырлы хикаяда әрбір кейіпкердің алдында өз жолын анықтайтын таңдау болады. Қос қанаттылардың шытырман оқиғалары арқылы шынайы күш – мейірімді жүректе, ал шынайы достық – қай жағдайда да адалдық пен тірек болатыны жайлы терең тағылымдар ашылады.
«А. И.» театрының кішкентай актерлері барша көрерменге әдемі әсер сыйлайтын ертегі сыйлауға асық.
Комментарии (0)