Авторы: осетиялық драматург Асахмат Айларов
Қазақ тіліне тәржімалаған: Эльмира Макашева
Режиссері: ҚР еңбек сіңірген қайраткері Әлімбек Оразбеков
Бұл спектакль режиссер Ә. Оразбековтың Қаллеки театрының XXV маусымындағы сахналап жатқан екінші туындысы. Осыған дейін, М. Әуезов пен Қ. Ысқақтың «Қараш-Қараш» драмасын сахналағанын еске саламыз.
Әйел – шаңырақтың ұйытқысы, отбасының жылуы. Ер адам үшін әйел затының орны қашан да бөлек. Жалғызбастылықпен күн кешіп жүрген темір мінез Темикконың, абайсызда жасаған бір әрекетінен бүкіл өмірінің өзгеріп кетерін кім білген?! Жұмбақ әйел Дзерасса мен Темикко арасындағы нәзік сезімнен туындаған махаббат парасаты көрермен жүрегін елжіретпеуі мүмкін емес. Ойнақы әуендер мен астарлы әзілдерге толы комедия дүниедегі әрбір жұмыр басты пенденің жалғыз өмір сүруге емес, өз теңін тауып, бақытты болуға жаралғанын тағы бір дәлелдейді.
Комментарии (0)