Астана
Qargyn оқырмандар клубының кездесуі
Qargyn оқырмандар клубының кездесуі

26 қыркүйек сағат 12:00-де ORTA Community-де «QARGYN» оқырмандар клубының кезекті кездесуі өтеді!

Кітапты бірге оқып, ой бөлісіп, жаңа идеялар мен мағыналар ашатын «QARGYN» оқырмандар клубының жаңа кездесуі өтеді.

Бұл жолы сіздерді тағы да қызықты әңгіме, түрлі көзқарас және кітапқа деген ортақ қызығушылық біріктіреді. Әр спикер өзі үшін ерекше әсер қалдырған кітаппен бөлісіп, оның негізгі ойлары мен өзіне берген мағынасын әңгімелейді.

3 спикер – 3 ерекше көзқарас

Кездесуде үш спикер сүйікті немесе ерекше әсер қалдырған кітаптарын ұсынып, өз оқырмандық тәжірибесімен бөліседі:
- Қарлығаш Аманғалиқызы – маркетолог
- Әйгерім Құсаинова – дәрігер-невролог
- Жансая Сандыбекқызы – мұғалім

Арнайы қонақтар – жұлдызды спикерлер
Бұл кездесуде бізбен бірге арнайы қонақтар да болады:
- Мұрат Есжан
- Айсәуле Әбілда

Жанды талқылау және жайлы атмосфера

Әр спикер ұсынған кітаптар арқылы сіз жаңа ой түйіп, өзіңізге оқуға арналған жаңа кітаптар тізімін құра аласыз. Пікір алмасу, ашық сұрақтар, терең талдау және шабыттандыратын әңгімелер — барлығы жайлы ортада өтеді.

Жаздың соңғы күндерін мазмұнды кездесумен өткізіп, жаңа мағыналар мен жаңа кітаптар ашуға мүмкіндік алыңыз.

Кездесу кімдерге арналған:
Кітапты сүйетін, ой бөлісуді қалайтын, жаңа шабыт іздейтін және қолдау мен жайлы атмосфераны бағалайтын барша қауымға арналған. Мұнда әркім өз пікірін айтып, сұрақ қойып, әдебиет арқылы әлемге жаңа қырынан қарай алады.

Дата публикации: 14.05.2025
Я пойду!
Отметьтесь и расскажите об этом событии друзьям,
чтобы они смогли к вам присоединиться!

Комментарии (0)

Развлечения

Введите номер телефона
Ваш номер используется исключительно для того, чтобы наши партнеры смогли связаться с вами и не передается третьим лицам
Введите код из смс
Введите имя и фамилию

Выберите город

Возврат

ID Билета: