Астана
Жұлдызай Дүйсенбиеваның жеке әзіл кеші (22 қараша 19:00)
Жұлдызай Дүйсенбиеваның жеке әзіл кеші (22 қараша 19:00)


Қазақ әзіл-сықақ өнерінің майталманы, сахнаның еркесі, танымал актриса Жұлдызай Дүйсенбиеваның жеке әзіл мен ән кеші. Тың әзілдермен дайындалған бенефис-шоу Жұлдызай Дүйсенбиеваның сахнадағы 25 жылдық мерейтойына арналады.

Жұлдызай жаңа бағдарламасында өмір шындығын астарлы әзілмен жеткізіп, қоғамдағы өзекті мәселелерді жеңіл әрі қызықты түрде көрсетеді. Әрбір әзіл – тек көңіл көтеріп қана қоймай, терең ойға жетелейтін сатиралық сарынға негізделген.

«Шаншар», «Алдараспан» театрлары арқылы көпшілікке танылып, рөлдері халық арасына кең таралған Жұлдызайдың шығармашылығы үнемі елдің назарында. Оның қойылымдары көрерменді ізгілікке, мейірім мен бірлікке шақырады, әндері ата-ананы, отбасын қадірлеуге үндейді.

Ұзақтығы: 130 мин
Жас шектеуі: 12+
Тілі: қазақша

Дата публикации: 27.10.2026
Я пойду!
Отметьтесь и расскажите об этом событии друзьям,
чтобы они смогли к вам присоединиться!

Комментарии (0)

Развлечения

Введите номер телефона
Ваш номер используется исключительно для того, чтобы наши партнеры смогли связаться с вами и не передается третьим лицам
Введите код из смс
Введите имя и фамилию

Выберите город

Возврат

ID Билета: