Астана
«Ғашық – жүрек» поэтикалық-музыкалық қойылымы
«Ғашық – жүрек» поэтикалық-музыкалық қойылымы

«Музыкалық жас көрермен театры» барша қазақтың жүрек түкпірінен орын алған қазақ поэзиясының іріөкілдерінің бірі – Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына арнап «Ғашық – жүрек» поэтикалық-музыкалық қойылымын сахналайды. Бұл – ұлт перзентіне деген құрмет, қаламгер шығармашылығына деген махаббат.  

«Ғашық-Жүрек» спектаклі автордың ой-арманынан, жүрек қалауынан, ішкі танымы мен толғанысынан туған түрлі поэзиялары мен өлеңдеріне жазылған, әсерлі әндеріне құрылған сахналық қойылым. Сондай-ақ, махаббат, өмір, сағыныш, ғашықтық ғаламаты мен адал достық, Отан ана мен табиғат ана сынды күрделі тақырыптарға ерекше ықыласпен іңкәрлікпен қараған тұлғаның көзқарасы іспеттес.

Бұл поэтикалық-музыкалық қойылым жасөспірімдер мен балаларды мәдениетке, руханиятқа шақырып, олардың жүрегіндегі махаббаты мен мейірімін байытып, оқылатын өлеңдердегі тақырыптар мен орындалатын әндердегі оқиғаларды жас көрерменнің көкірегіне тоқып, санасына сіңіреді. Сонымен қатар, балалардың қиял қанаттарын әдеби әлемнің көгінде қалықтатып, жан-дүниесіне көркем өнердің сәулесін түсіріп, олардың табиғатында суреткерлік таным-түсінік пен өнерпаздық көзқарасты қалыптастырады. Қазақ әдебиетінің әйгілі тұлғаларының бірі – Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығына деген құштарлығын үдетіп, сүйіспеншілік сезімдерін жандандырады.


Сілтеме бойынша көбірек қойылымдар

Дата публикации: 01.06.2023
Я пойду!
Отметьтесь и расскажите об этом событии друзьям,
чтобы они смогли к вам присоединиться!
Место на карте
Қазақстан, Астана, Ж. Омаров көшесі, 47Б

Комментарии (0)

Театр

Введите номер телефона
Ваш номер используется исключительно для того, чтобы наши партнеры смогли связаться с вами и не передается третьим лицам
Введите код из смс
Введите имя и фамилию

Выберите город

Возврат

ID Билета: