19 ақпан «Астана Опера» театрының Камералық залында «Глинкадан бастап Свиридовқа дейін – махаббатпен» атты орыс романсының кеші өтеді.
Сахна бұйымдарымен безендірілген жайлы романтикалық атмосферада ХIХ–ХХ ғасырдағы танымал композиторлардың романстары шырқалады.
Сезімдердің шынайылығы мен тереңдігі, мәнерлі әуен мен сенімді интонация – адамның жан дүниесін ашатын романс жанрының көзге шалынбас тартымдылығының сыры осында жатыр.
Концерт бағдарламасында М.Глинка, А.Даргомыжский, М.Балакирев, Ц.Кюи, Н.Римский-Корсаков, П.Чайковский, Д.Шостакович, Г.Свиридовтың романстары қамтылған.
ОРЫНДАУШЫЛАР:
Елена ГАНЖА (сопрано)
Азамат ЖЫЛТЫРКӨЗОВ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (баритон)
Ажар ҚАДЫРОВА (виолончель)
Фортепиано партиясында – Меруерт ЖЕКЕНОВА
«Астана Опера» театрының балалар хоры, жетекшісі – Алтынғаным АХМЕТОВА
Ұзақтығы – 1 сағат 30 минут
Дирекция орындаушылар мен орындалатын шығармаларды ауыстыру құқығын өзіне қалдырады
Комментарии (0)