Астана
«Қоштасқым келмейді» спектаклі
«Қоштасқым келмейді» спектаклі

4 мамырда Қ. Қуанышбаев атындағы музыкалық-драма театрының сахнасында «Қоштасқым келмейді» спектаклі өтеді.

Терең психологизммен ерекшеленетін көрнекті орыс драматургы А.Володин пьесасы бойынша қойылымға  ажырасуға бел буған сегіз отбасының әрқилы тағдыры  арқау болады. Жасы, әлеуметтік мәртебесі, дүниетанымы жағынан әртүрлі бірнеше шаңырақ иелері сан түрлі өмір драмасына ұшырап, күмән-күдікке, тәкаппарлыққа бой алдырады – бақытты кездесулер баянсыз қоштасуларға ұласқалы тұр. Некелерін бұзуға сотқа келген оларды татуластырмаққа судья барын салады. Алайда өзімшіл ерлі-зайыптылар  бірін-бірі тыңдаудан, түсінуден қалған...

Шарттылық белең алатын қойылымда әр кейіпкер әртүрлі таным, жеке дүниетанымын алға тартады. Әрбір кейіпкер, яғни әрбір адам – жеке әлем, тек сол әлемге үңілу, оны түсіне, қажет болса кешіре білу – үлкен қасиет.  Негізінен театрдың жас буыны қатысатын спектакль өмірдің осы бір қарапайым да күрделі пәлсапасы туралы ойларға жетелейді.

Жанр: драма

Ұзақтығы: 1 сағат 40 минут

Дата публикации: 13.04.2023
Я пойду!
Отметьтесь и расскажите об этом событии друзьям,
чтобы они смогли к вам присоединиться!
Место на карте
Астана, улица Калибека Куанышбаева, 8/1

Комментарии (0)

Театр

Введите номер телефона
Ваш номер используется исключительно для того, чтобы наши партнеры смогли связаться с вами и не передается третьим лицам
Введите код из смс
Введите имя и фамилию

Выберите город

Возврат

ID Билета: