Астана
Музыкалық драма «Қоштасқым келмейді»
Музыкалық драма «Қоштасқым келмейді»

Әйгілі орыс драматургы А.М.Володиннің терең психологизмге құрылған классикалық туындысы ерлі-зайыптылардың өмірін және олардың күрделі қарым-қатынасын баяндайды. Әлеуметтік мәртебесі, өмірге көзқарасы әртүрлі ажырасуға бел буған сегіз отбасы сотқа жүгінеді. 
Ерлі-зайыптыларды тыңдаған судья олардың некесін бұзуға жол бермеу үшін барын салады.

Себебі, бірін-бірі кінәлауға, айыптауға, қаралауға дағдыланған ерлі-зайыптылардың өзімшілдігі, менмендігі, тәкаппарлығы – бірін-бірі тануға, тыңдауға, түсінуге кедергі. Пьесадағы характерлер қақтығысы, бітпейтін конфликтілер әр түрлі мінез-құлық ерекшеліктерін көрсетеді.

Музыкалық драманың қоюшы-режиссері және сценографы Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері Асхат Маемиров, қоюшы-дирижері Руслан Баймурзин, қоюшы-хормейстерлері Ғалымжан Берекешов және Шыңғыс Аймақ, қоюшы-балетмейстері Уәлитбек Сиязбек және Камила Бузанова, режиссердің ассисенттері Оразалы Игілік және Еламан Иманбаев.


Сілтеме бойынша көбірек қойылымдар

Дата публикации: 11.01.2024
Я пойду!
Отметьтесь и расскажите об этом событии друзьям,
чтобы они смогли к вам присоединиться!

Комментарии (0)

Театр

Введите номер телефона
Ваш номер используется исключительно для того, чтобы наши партнеры смогли связаться с вами и не передается третьим лицам
Введите код из смс
Введите имя и фамилию

Выберите город

Возврат

ID Билета: