Астана
«Өмір» спектаклі
«Өмір» спектаклі

«Жастар» театрының сахнасында «Өмір» спектаклі өтеді.

Адам – пенде. Өмірдің өзіне ұсынған сыйы мен сынына бірдей әділ, адал жауап беру кейде сол пенденің ырқынан тыс болып жатады. Сондай сәтте «Бұл – Өмір ғой...» деп Саналы түрде өзімізді жұбатып, келешекке деген сенімді жоғалтпаудың жолын іздейміз. Пендесін алға жетелейтін де ұлы күш осы – Арда үміт... Десек те, адамның Айнасы – ары. Адалдықтан аттап, сезімсіз, сенімсіз жалғандыққа құрылған Өмірдің құны да, мәні де жоқ.

Шығармадағы әр кейіпкер тек оқиғаны өрбітуші ғана емес, жаһандану дәуірімен бірге құндылықтары өзгерген қоғамның боямасыз мінездер мозайкасын түзуші келбеті де.  Ұлт ертеңі мен ұрпақ арасындағы нәзік тін – тек пен тамыр мәселесіне терең үңілтіп, заманның запыранға толы ащы шындығын суреттейтін қойылым көрерменін де бей-жай қалдырмайды.


Сілтеме бойынша көбірек қойылымдар

Дата публикации: 21.05.2023
Я пойду!
Отметьтесь и расскажите об этом событии друзьям,
чтобы они смогли к вам присоединиться!
Место на карте
улица Илияса Есенберлина, 10

Комментарии (0)

Театр

Введите номер телефона
Ваш номер используется исключительно для того, чтобы наши партнеры смогли связаться с вами и не передается третьим лицам
Введите код из смс
Введите имя и фамилию

Выберите город

Возврат

ID Билета: