
National Geographic Qazaqstan редакциясы, Mind Talks (MNU) және ORTA Community ақпараттық сауат тақырыбындағы фактчек дәрісіне шақырады.
Күн сайын біз ондаған, кейде жүздеген дерекке тап боламыз. Бірақ олардың қайсысы шын, қайсысы манипуляция екенін ажырата аламыз ба? Бұл лекция фактчекке қатысты жай ғана теория емес. Бұл – ақпарат заманында шатаспауға көмектесетін практикалық талқы.
Спикерлер: Оразай Қыдырбаев, National Geographic Qazaqstan журналисі, медиатренер; Алмабек Ибрайымов, Maqsut Narikbayev University, Халықаралық журналистика мектебінің Senior Lecturer-і
Лекция барысында:
-
адамдардың жалған жаңалыққа неліктен сенетіні;
-
эмоция, қорқыныш пен алгоритмдердің шешім қабылдауға қалай әсер ететіні;
-
манипуляцияның ең жиі кездесетін тәсілдері;
-
жаңалықты, жазбаны немесе видеоны 5–10 минутта тексерудің қарапайым жолдары талқыланады.
Екі дәрістен соң қатысушы қонақтарға арналған Kahoot форматындағы интерактив куиз өтеді.
Лекция журналистерге ғана емес, күн сайын ақпарат тұтынатын кез келген адамға пайдалы.
Комментарии (0)