Е.Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармониясының Үрлемелі аспаптар оркестрі Vivat Maestro концертін ұсынады. Еске алу кеші көрнекті қазақ флейташысы, педагог, профессор Қайролла Ақрамашұлы Жұмакеновтің шығармашылығына арналған.
- Кештің дирижерлары: ҚР еңбек сіңірген қайраткері Қанат Ахметов, сонымен қатар А.Мұхаджанов, А.Терещенко, Н.Почиталин, «Құрмет» орденінің иегері Д.Рахымғалиев;
- Үрлемелі оркестрдің көркемдік жетекшісі – Никита Почиталин.
- Камералық оркестр – Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Абзал Мұхитдин;
- Қ.Жұмакенова атындағы флейта хорының өнерпаздары, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткерлері Бекболат Байсағатов (флейта), Нұрлан Измайлов (фортепиано), Равиль Құлмаметов (виолончель); Халықаралық байқаулардың лауреаттары Балжан Сапарова, Александр Тараскин, Бану Далишева, Аида Әбдіқадырова, Жанар Желтыргузова, Әлима Әбеуова, Еркебұлан Жұмакенов(фагот).
Концерттік бағдарламада Батыс Еуропа, Ресей және Қазақстан композиторларының шығармалары орындалады. Музыканттың ең жақсы естелігі – оны және шығармашылығын жылы лебізбен еске алатын шәкірттері мен әріптестері.
Сілтеме бойынша көбірек концерттер
Комментарии (0)