Е.Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармониясының халық әні бөлімі «Астана кеші көңілді» атты концертін ұсынады.
Концерттік бағдарлама 70-80 жылдарда халыққа кең тараған әндерден тұрады. Кім-кімнің болсын жүрегіне жағатын, сырлы сезімдері мен тәтті елестерін еске түсіретін, жастық шақтан сырға толы естеліктер жеткізетін Шәмші Қалдаяқовтың 1972 жылдары Торғай жерінде сапарда болғанда туындаған «Арқалықтың ақ таңы» әні, сонымен қатар, Әбілахат Еспаевтың «Маржан қыз», Қонысбай Әбіловтың «Бала Махаббаты», Жағыпар Әлімхановтың «Жас қалам» сияқты әндер орындалады.
Концертке катысушылар: ҚР еңбек сіңірген қайраткерлері Айгүл Қосанова, Гүлмира Сарина, Гүлзира Бөкейхан, Мәдениет саласының үздіктері Секен Сыздықов, Нұрай Танабаев, Берік Омаров, Тельман Нүркенов, Данияр Мұқан, Әйгерім Нартүйе, халықаралық және республикалық конкурстардың лауреаттары Сәулежан Тағзия, Өзгеріс Шерікбай, Айнұр Қонысбаева, Жақсыкелді Маясаров, Жандос Иманбай, Зинат Қасымова, Нұржан Мейірхан, Рахат Бегасилов, Алуа Қалымбекова, Айдос Оңғарбай және Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармониясының «ҚОРҚЫТ» этно ансамблі өнер көрсетеді.
Сілтеме бойынша көбірек концерттер
Комментарии (0)