Авторы - С. Балғабаев
Ең жақсы еркек
комедия
Қоюшы режиссері – Б. Ұзақов, ҚР еңбек сіңірген қайраткері
Қоюшы суретшісі – Б. Бурбаев
Киім үлгісінің суретшісі – Ш. Елембаева
Хормейстер – А. Жұмашев, ҚР еңбек сіңірген қайраткері
Балетмейстер – С. Жолымбаева
Музыкамен көркемдеуші – Қ. Тоқымбетов
Дыбыс режиссері – Л. Қыстықбаева
Режиссердің ассистенті – Ж. Төленбаев, ҚР еңбек сіңірген қайраткері
Режиссердің көмекшісі – Г. Әбдібаева
Жазушы-драматург С. Балғабаевтың «Әйелдер әлемі немесе ең жақсы еркек» атты пьесасы заманауи оқиғалар негізінде жазылған. Аталмыш шығарма «Махаббат сиқыры» атауымен сахнаға жол тартты. Шығармада әйел затының психологиясы арқылы шынайы өмір бейнеленеді. Бұл мұңлы комедияда пендешілік пен адамшылықтың ара-жігі астарлы оймен баяндалады. Басты кейіпкерлердің бірі Алпан – қоғамдағы ерлер бейнесінің жиынтығы іспеттес. Ер мен әйел арасындағы күнделікті қарым-қатынастар, табиғи мінез-құлық оқиғаларды үздіксіз байланыстырып отырады. Ойын арқылы ойға жетелейді.
Комментарии (0)