Астана
Классикалық музыка концерті
Классикалық музыка концерті

Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымының Қазақ мемлекеттік симфониялық оркестрі елорда тұрғындары мен қонақтарын симфониялық музыка концертіне шақырады. Классикалық музыка кешінде танымал итальяндық пианист Джузеппе Гулотта өнер көрсетеді. Симфониялық музыка кешінде атақты маэстро Вальво Корадо (Италия) дирижерлік етеді.

Концерт бағдарламасы:

  1. Rachmaninoff Piano Concerto n.3
  2. Dvorak New World Simphony n.9

Итальяндық пианист Джузеппе Гуллотта Римдегі Санта Чечилия академиясының түлегі. Әйгілі пианист Милан консерваториясында фортепиано орындаушылық дәрежесін алған. Гуллотта - Наксостағы концерттік маусымының көркемдік жетекшісі. Қазіргі уақытта ол Реджо ди Калабрия қаласында орналасқан консерваториядағы Мемлекеттік музыка факультетінің фортепиано бөлімінде жұмыс істейді. Виртуоз Карнеги-холл (Нью-Йорк), Стейнвей-холл (Лондон), Корто Залы (Париж),  Сала Верди (Милан), Парко делла Музыка (Рим)  сияқты атақты концерт залдарында және әлемнің басқа да беделді алаңдарында өнер көрсеткен. Джузеппе Гуллотта – Италияның Лечче қаласындағы Мендельсон кубогының иегері (2005), Камилло Тони сыйлығының екінші орын жеңімпазы(2009). Ол 2002 жылы Виотти фортепиано байқауында бақ сынады, сонымен қатар Читта ди Тревизо пианино байқауында (2004) төртінші жүлдені алды. Гуллотта сонымен қатар Бусони халықаралық фортепиано байқауының соңғы қатысушыларының бірі.

Коррадо Вальво - итальяндық дирижер, хор жетекшісі және композитор. Ол Ф.Э.Далл'Абако консерваториясында фортепиано бойынша тәлімгер және Санта-Чечилия Рим консерваториясында дирижер мамандығы бойынша білім алған. Маэстро Токиодағы Бунка Кайкан, Осака фестиваль залы, Фукуока холл, Кобе Бунка холл, Нагоядағы Айти префектуралық өнер театры және тағы басқа атақты театрларда тәлімгер және дирижердың көмекшісі болып жұмыс істейді. Ол сонымен қатар әлемдегі ең маңызды үрмелі аспаптар оркестрлерінің бірі болып саналатын Севилья Мемлекеттік симфониялық үрмелі аспаптар оркестріне дирижерлік еткен болатын.

Қазақ мемлекеттік симфониялық оркестрі – Қазақстан Республикасының жетекші музыкалық ұжымдардың бірегейі. Оркестр 1991 жылы әлемге әйгілі скрипкашы, Қазақстан Республикасының Халық әртісі, Қазақстанның Еңбек Ері, профессор, оркестрдің көркемдік жетекшісі Айман Мұсахаджаеваның бастамасымен құрылды.

Оркестр құрамы асқан виртуоз шеберлер мен камералық музыкалаудың үздік әлемдік дәстүрлерін дамытып жүрген халықаралық байқаулардың лауреаттары, яғни жоғары кәсіби музыканттардан құралған. Дарынды 90 музыканттан тұратын оркестр әртүрлі дәуірлер мен стильдердің туындыларын және барокко, классикалық және заманауи музыка орындау өнерін жоғары дәрежеде меңгерген. Ұжым шығармашылығының маңызды бөлігі -  ұлттық музыка, халық әндері мен күйлерін оркестрлік өңдеу, сондай-ақ қазіргі қазақ композиторларының шығармаларын орындау. Оркестрдің бас дирижері - Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері, ҚазҰӨУ профессоры Бақытжан Мұсаходжаева.


Сілтеме бойынша көбірек концерттер

Дата публикации: 27.03.2024
Я пойду!
Отметьтесь и расскажите об этом событии друзьям,
чтобы они смогли к вам присоединиться!

Комментарии (0)

Введите номер телефона
Ваш номер используется исключительно для того, чтобы наши партнеры смогли связаться с вами и не передается третьим лицам
Введите код из смс
Введите имя и фамилию

Выберите город

Возврат

ID Билета: