Астана
Евгений Онегин (AstanaOpera)
Евгений Онегин (AstanaOpera)

1877 жылдың мамырында әнші Е.А.Лавровская Чайковскийге Пушкиннің «Евгений Онегин» туындысының желісі бойынша опера жазуға кеңес береді. Композитордың сөзінше, бастапқыда бұл ой жөнсіздеу көрінген, алайда көп кешікпей оған қатты әуестенгені соншалық, бір түнде оқиға барысын жазып шығып, музыкасына кіріседі. Чайковский  Пушкиннің дарынына бас иетін.

Либреттосы К.С.Шиловскиймен (1849-1893) бірлесіп жазылған болатын. В.Г.Белинский өлеңмен жазылған Пушкин романын – «орыс өмірінің энциклопедиясы» деп атаса, – Чайковский тек ақын қаһармандарының жан әлемі мен жеке тағдырына байланысты тұстарын алып, өз операсын жай ғана «лирикалық сахналық көрініс» деп көрсеткен. Сондықтан ол операның алғашқы орындалуын жастарға – Мәскеу консерваториясының шәкірттеріне тапсыру туралы шешім қабылдайды. 1879 жылдың 17 (29) наурызында «Евгений Онегиннің» премьерасы өтеді. Көп ұзамай Мәскеудің Үлкен театры (1881) мен Петербордағы Мариин театрының (1884) сахналарында опера үлкен жетістікпен қойылып, ең танымал туындылардың біріне айналады.

Бүгінде «Евгений Онегин» іс жүзінде барлық театрлар мен атақты әншілердің репертуарына енген. Басты партияларда Р.Тебальди, Г.Вишневская, Р.Жаманова, А.Нетребко (Татьяна); П.Лисициан, М.Магомаев, Е.Серкебаев, Д.Хворостовский (Онегин); В.Атлантов, И.Козловский, С.Лемешев, З.Соткилава, Ә.Дінішев (Ленский) және т.б. опера жұлдыздары жарқырады.

 

Дата публикации: 21.10.2020
Я пойду!
Отметьтесь и расскажите об этом событии друзьям,
чтобы они смогли к вам присоединиться!
Место на карте
ул. Кунаева, 1

Комментарии (0)

Театр

Введите номер телефона
Ваш номер используется исключительно для того, чтобы наши партнеры смогли связаться с вами и не передается третьим лицам
Введите код из смс
Введите имя и фамилию

Выберите город

Возврат

ID Билета: