Астана
Драма "Көзімнің қарасы"
Драма "Көзімнің қарасы"

Ақын Абай... Ару Тоғжан... Бір-бірін шын ұнатқан қос ғашықтың сезімге толы сырлы да сұлу күйі баяндалатын айтулы драма көрерменіне кемеңгерлігін күллі адамзат мойындаған дана тұлғаның адами дара болмысын паш етеді.

«Ғашықтың тілі – тілсіз тіл, көзбен көр де, ішпен біл» деп жырлаған ұлы ақын өлеңі «Абай – ару Тоғжан» қойылымының басты лейтмотивіне айналғандай. Сұлу сезім, әуезді ән, көркем көріністі өн бойына сәтті тоғыстырған лирикалық драма басты кейіпкерлермен бірге көрерменін де махаббат әлемінің сөзбен суреттеп жеткізгісіз тамаша шақтарына саяхат шектіреді. Дана тұлғаның өлең, өнер тудырудағы жан жүрегін селт еткізген сезімдеріне бойлатады.

Қазақтың бас ақыны – Абайдың 175 жылдық мерейтойына орай Жастар театры сахнасында қойылғалы отырған айтулы қойылымның өнерсүйер, өлеңсүйер көрерменін сырлы сезім ғана емес, парасат биігіне де бойлатары сөзсіз.   

Кейіпкерлер:

Абай – Шыңғыс Жақыпбай

Тоғжан – Лаззат Қуанышева, Ұлбике Әуелбек

Сүйіндік – Елдос Шайкенов

Күмісай – Назерке Серікболова, «Үміт» сыйлығының иегері

Қаратай – Бақыт Хаджибаев, «Еңбек даңқы» төс белгісінің иегері, Данияр Уразаев

Әділбек – Нұрбек Алибек

Ауыл жастары:

Бағлан - Асылбек Әйтеш, Мейірғат Амангелдин, «Үміт» сыйлығының иегері

Қойбек - Айсұлтан Жалиев

Шоңбай /Дүлей/ - Асланбек Жанұзақов

Керімбала - Шехназа Қызыханова, «Үміт» сыйлығының иегері

Раушан - Марина Халбият

Балғын - Нұрбек Әділбек

Ербол – Ербол Тілеукенов, «Еңбек даңқы» төс белгісінің иегері

Қиясбек - Әбутәліп Әмре

Абайдың атқосшысы

Және басқа ауылдың қыз-жігіттері

Дата публикации: 02.04.2021
Я пойду!
Отметьтесь и расскажите об этом событии друзьям,
чтобы они смогли к вам присоединиться!
Место на карте
Казахстан, Нур-Султан (Астана), улица Илияса Есенберлина, 10

Комментарии (0)

Театр

Введите номер телефона
Ваш номер используется исключительно для того, чтобы наши партнеры смогли связаться с вами и не передается третьим лицам
Введите код из смс
Введите имя и фамилию

Выберите город

Возврат

ID Билета: