Әзірбайжан Мәмбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театрында «Боранды бекет» драмасының премьерасы өтеді. Қазақстанның Халық қаһарманы, КСРО және Қазақстанның халық әртісі, КСРО Мемлекеттік сыйлығының иегері, режиссер Әзірбайжан Мамбетовтің 90 жылдығына арналады. Авторы – Шыңғыс Айтматов.
Аударған – Шерхан Мұртаза, режиссер – Уланмырза Карыпбаев, қоюшы суретші – Алан Саймин туындысы әлемге әйгілі болған Шыңғыс Төреқұлұлы Айтматовтың «Ғасырдан да ұзақ күн...» романы тағдырдың тарамыс айыр жолдарын суреттеген ғасырлық туынды. Бір бойына Боранды бекет, Сарыөзек, ел іші, Жер планетасы сынды бірнеше ауқымды кеңістікті сыйдырып тұрған шығарманың айтары мол. Осы кеңістіктердің тоғысында
жазушы қаламынан бас кейіпкер Боранды Едігенің кескіні қалыптасқан.
Бұл жолы премьерамызда сіздерге ұсынғалы отырған «Боранды бекет» қойылымында Қазанғаптың ақтық аманаты орналады ма? Ғасырға татыған бір күн ішінде аса жауапты сапардың нәтижесі қалай болмақ?
Жас санаты: 16+
Комментарии (0)