Инсценировка авторы: Талғат Теменов
«Аққудың көз жасы...»
лирикалық драма
Қоюшы режиссері – Талғат Теменов, Қазақстанның Халық артисі, профессор
Қоюшы суретшісі – Ерлан Тұяқов
Балетмейстер – Салтанат Жолумбаева
Музыкамен көркемдеген – Талғат Теменов, Қазақстанның Халық артисі, профессор
Дыбыс режиссері – Ләззат Қыстықбаева
Домбырамен сүйемелдеген – Айбек Бекбосынов
Аранжировкасын жасаған – Қайрат Тоқымбектов
Режиссердің ассистенті – Ақыш Омар, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
Режиссердің көмекшісі – Гүлжан Әбдібаева
Қырғыз халқын күллі әлемге танытқан, адамзаттың Айтматовы атанған Шыңғыс Айтматовтың шығармалары классикалық прозаның үлгісі болып табылады. Алып жазушының шығармашылық мұрасына ыстық ықылас азаймақ емес. Айтулы режиссер, өнер иесі Талғат Теменов суреткер жазушының қос туындысы негізінде нағыз драма тудырды.
«Аққудың көз жасы» – адам жүрегіндегі ең асыл сезім – сүйіспеншіліктің құдіреті мен қасиеті туралы тұңғиық сыр шертеді. Алғашқы махаббат пен аңызға айналар шынайы махаббаттың қара түнекті, надандық зұлымдығын жеңетін керемет күшін әспеттейді.
Сонысымен әр адамның жүрегіндегі қимас сәттерін жаңғыртып, өмір патшалығының алтын сарайын назарыңызға айқара ашып тастайды. Көрерменнің эстетикалық талғамына бек лайық бұл сахналау Сізді бей-жай қалдырмасы анық.
Комментарии (0)