Астана
«Қазағым-ай» әдеби-музыкалық кеші
«Қазағым-ай» әдеби-музыкалық кеші

ҚР мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен 2024 жылдың 16 ақпан күні «Халық қазынасы» ұлттық өнер орталығының ұйымдастыруымен Қазақконцерттің Үлкен залында қазақтың мұзбалақ ақыны Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығына арналған «Қазағым-ай» атты әдеби-музыкалық кеші өтеді. Қысқа ғұмырында сан ғасырға азық боларлық мол қазына қалдырған ақиық ақынның шығармашылығын өскелең ұрпақ арасында насихаттауға бағытталған әдеби-музыкалық кеште көрермен назарына ақынның халық арасында кеңінен таралған шығармалары ұсынылады.

Кеште Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Айжан Нұрмағанбетова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Ерлан Рысқали, Раушан Оразбаева, Клара Төленбаева, Нұрболат Арзамасұлы, Қазақстанның мәдениет қайраткері Ерболат Шалдыбеков, Қайрат Айтбаев, Дінисламбек Жайлаубай, Перизат Тұрарова сынды айтулы өнер майталмандары мен талантты жас өнерпаздар және «Saz&Soul» тобы, «ГҮЛДЕР» ансамблі, «Astana Musical» мемлекеттік театры өнер көрсетеді. Кеш қонағы: Жанқалдыбек Төленбаев.

Кеш жүргізушісі – Жасұлан Наурызбайұлы. 


Сілтеме бойынша көбірек концерттер

Дата публикации: 19.01.2024
Я пойду!
Отметьтесь и расскажите об этом событии друзьям,
чтобы они смогли к вам присоединиться!

Комментарии (0)

Концерты

Введите номер телефона
Ваш номер используется исключительно для того, чтобы наши партнеры смогли связаться с вами и не передается третьим лицам
Введите код из смс
Введите имя и фамилию

Выберите город

Возврат

ID Билета: