Астана
Қазақ мемлекеттік симфониялық оркестрінің концерті
Қазақ мемлекеттік симфониялық оркестрінің концерті

Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымының Қазақ мемлекеттік симфониялық оркестрі елорда тұрғындары мен қонақтарын симфониялық музыка кешіне шақырады. Атақты скрипкашы Римонда Гвидо (Италия) талғампаз тыңдарман назарына әлемдік классикалық музыканың шедеврлерін ұсынбақшы. 

Классикалық музыка кешінде оркестрге әйгілі маэстро, дирижер Бэк Джин (Оңтүстік Корея) дирижерлік етеді.

Концерт бағдарламасы:

  • К. Сен-Санс «Самсон мен Далила» операсынан: «Вакханалия»;
  • К. Глюк «Орфей және Эвридика» операсынан: «Елисей алқабында»;
  • М.Брух «Аве Мария»; 
  • Д. Виотти «Оркестрмен скрипкаға арналған концерт»;
  • П. Чайковский «Лебединое озеро».

Римонда Гвидо - біздің заманымыздың итальяндық скрипкашыларының ішіндегі ең жарқын өкілдерінің бірі. Ұлы Виоттиді үлгі тұтып, музыканттың ізбасары ретінде Римонда өзінің шығармашылық өмірінің көп бөлігін Виоттидің мұрасын жандандыруға арнайды. Римонда Гвидо - Италияның және шетелдің басты концерт залдарының құрметті қонағы. Оның скрипкада ойнау шеберлігі классикалық дәстүрлерді терең құрметтеуге, шығармашылыққа деген құштарлыққа және музыкалық өнер әлемінде жаңалық жасауға деген ұмтылысқа толы.

Маэстро Бэк Джин қазіргі уақытта Донгсео университетінің Жоғары мектебінде дирижерлік профессоры болып қызмет атқарады. Ол әлемдегі көптеген беделді залдарда өнер көрсетіп, музыка сыншылары тарапынан оның музыкалық және дирижерлік қабілеттері жоғары бағаланды. Сондай-ақ, Бэк Джин көптеген марапаттардың иегері, соның ішінде Оңтүстік Кореядағы классикалық музыканың дамуына қосқан үлесі үшін «Қазіргі заманның жетекші музыканты» XXVII сыйлығы және «Пусан әртістерінің сыйлығы» сынды марапаттары бар. 

Қазақ мемлекеттік симфониялық оркестрі – Қазақстан Республикасының жетекші музыкалық ұжымдардың бірегейі. Оркестр құрамы асқан виртуоз шеберлер мен камералық музыкалаудың үздік әлемдік дәстүрлерін дамытып жүрген халықаралық байқаулардың лауреаттары, яғни жоғары кәсіби музыканттардан құралған. Дарынды 90 музыканттан тұратын оркестр әртүрлі дәуірлер мен стильдердің туындыларын және барокко, классикалық және заманауи музыка орындау өнерін жоғары дәрежеде меңгерген. Ұжым шығармашылығының маңызды бөлігі -  ұлттық музыка, халық әндері мен күйлерін оркестрлік өңдеу, сондай-ақ қазіргі қазақ композиторларының шығармаларын орындау. 


Сілтеме бойынша көбірек концерттер

Дата публикации: 11.01.2024
Я пойду!
Отметьтесь и расскажите об этом событии друзьям,
чтобы они смогли к вам присоединиться!

Комментарии (0)

Концерты

Введите номер телефона
Ваш номер используется исключительно для того, чтобы наши партнеры смогли связаться с вами и не передается третьим лицам
Введите код из смс
Введите имя и фамилию

Выберите город

Возврат

ID Билета: