Алматы
«Жануарлар әлемінің ғажайып суреттері» көрмесі
«Жануарлар әлемінің ғажайып суреттері» көрмесі

National Geographic: «Жануарлар әлемінің ғажайып суреттері».

Көрмеде National Geographic журналының беттерінен таңдап алынған хайуанаттар әлемінің ең үздік суреттері ұсынылған. Табиғат суреттерінің майталман редакторы Кэти Моранның жетекшілігімен әзірленген бұл көрме National Geographic-тің Майкл «Ник» Николс, Стив Уинтер, Пол Никлен, Беверли Жубер, Дэвид Дубиле және басқа да ең танымал фотографтардың түсірген суреттерінен құралған тұмса табиғатқа деген айрықша көзқарас іспетті.

National Geographic 130 жыл бойында оқырманды тұмса табиғатпен таныстыру үшін өзінің баяндау тәжірибесін қолданып келеді. Солтүстік бұғысының бейнесі алғаш рет жарық көрген 1903 жылдан бері жаңа National Geographic тұмса табиғат туралы фотосуреттердің ізашарына айналды.

Көрменің бастапқы бөлімі жабайы жануарлар тіршілігін суретке түсіру қалай басталғанын көрсетіп, фотографтар болашаққа қалай жол салғанын паш етеді.
Көрменің өзіндік ерекшелігі – ондағы әрбір сурет жануардың табиғи ортасында түсірілген. Фото түсіру барысында жануарды қамауда ұстау немесе әдейілеп жемге алдандыру амалдары қолданылмаған.

KAZMEDIA HOLDING компаниясы 2016 жылдан бері National Geographic журналын қазақ тілінде шығарып, әлемдік деңгейдегі ғылыми-танымдық контент ұсынып келеді. Компания аталған көрмені биыл Almaty Gallery бірлесіп, алғаш рет Алматы тұрғындары мен қала қонақтарының назарына ұсынып отыр.

Көрмеге жануарлар әлемінің 70 бірегей фотосуреттері қойылған. Көрме 3-13 қазан аралығында жалғасады.

Дата публикации: 07.10.2024
Я пойду!
Отметьтесь и расскажите об этом событии друзьям,
чтобы они смогли к вам присоединиться!

Комментарии (0)

Другие выставки

Введите номер телефона
Ваш номер используется исключительно для того, чтобы наши партнеры смогли связаться с вами и не передается третьим лицам
Введите код из смс
Введите имя и фамилию

Выберите город

Возврат

ID Билета: