Декретте отырған әйелге көбіміз әңгімені “бос отырсың ғой” деп бастайды екенбіз. Декреттегі Ұлмекеннің күнделікті өмірі шын мәнінде қалай өтіп жатыр… Үш баланың анасы балаларына деген сүйіспеншілік пен қажуды бірге сезеді. Қабырға қалқасынан шыққысы келген Ұлмекен коучтың көмегіне де жүгінеді. Әрі қарай не болады?..
Драматург: Айнұр Төлеу
Режиссер: Заңғар Ахмет-Қазы
Суретші: Жанна Кравченко
Композитор: Дамира Арманова
Жарық: Иван Юрьевич
Ментор: әннәс Бағдат, Куба Адылов
Актриса: Динара Мұрат
Бұл спектакль aLqa жобасы аясында сахналанды. aLqa жобасы еліміз театр өнеріндегі құндылық және көркемдік ізденістер мәселесін нысанға ала отырып, театр мен академиялық орта эксперттерін тоғыстырып, демократия құндылықтарын және театр эстетикасындағы жаңа конвенцияны негіз еткен сапалы туындылар жасалуына ықпал етуді, сондай-ақ, шығармашылық тәуелсіздікті дәріптеуді мақсат етеді. Жоба аясында драматургия, режиссура бойынша курстар өткізіліп, курсқа іріктелген 5 драматург пьеса жазып, 5 режиссер сол пьесалардан спектакль қойды. Драматургия курсын әннәс Бағдат, режиссура курсын белгілі актер, режиссер, театр педагогы Куба Адылов жүргізді.
Жас шектеуі: 12+
Комментарии (0)