Алматы
Eskertkiş спектаклі
Eskertkiş спектаклі

Бір қарағанда бәрі қарапайым: әйел мен бала ауруханада, ал үйде қалған ер адам күнделікті тіршілікпен бетпе-бет келеді. Тазалықты күтіп ыбырсыған пәтер және “үйдің тамағын сағындық” деген телефон қоңырауы… Алғаш рет қарапайым үй шаруасын өз мойнына алған еркектің оқиғасы – отбасыдағы гендерлік рөлдердің қайта қаралуын көрсетеді. Қоғам қалыптастырған стереотиптер, “нағыз еркек” болу сияқты түсініктермен күресті осы спектакльден тамашалауға болады. 

Драматург: Мақсат Мәлік
Режиссер: Нұрлан Бақытжанұлы
Суретші: Аяужан Аманжолқызы
Композитор: Tahaui
Жарық: Иван Юрьевич
Ментор: Әннәс Бағдат, Куба Адылов
Актер: Нұрлан Бақытжанұлы

Бұл спектакль aLqa жобасы аясында сахналанды. aLqa жобасы еліміз театр өнеріндегі құндылық және көркемдік ізденістер мәселесін нысанға ала отырып, театр мен академиялық орта эксперттерін тоғыстырып, демократия құндылықтарын және театр эстетикасындағы жаңа конвенцияны негіз еткен сапалы туындылар жасалуына ықпал етуді, сондай-ақ, шығармашылық тәуелсіздікті дәріптеуді мақсат етеді. Жоба аясында драматургия, режиссура бойынша курстар өткізіліп, курсқа іріктелген 5 драматург пьеса жазып, 5 режиссер сол пьесалардан спектакль қойды. Драматургия курсын әннәс Бағдат, режиссура курсын белгілі актер, режиссер, театр педагогы Куба Адылов жүргізді.

Жас шектеуі: 12+

Дата публикации: 13.01.2025
Я пойду!
Отметьтесь и расскажите об этом событии друзьям,
чтобы они смогли к вам присоединиться!

Комментарии (0)

Другие спектакли ArtKöshe

Введите номер телефона
Ваш номер используется исключительно для того, чтобы наши партнеры смогли связаться с вами и не передается третьим лицам
Введите код из смс
Введите имя и фамилию

Выберите город

Возврат

ID Билета: