Алматы
Музыкальная постановка «Кез болған соң кер заман»
Музыкальная постановка «Кез болған соң кер заман»

Кез болған соң кер заман/ТТИ Алатау

Бұл қойылым екі бөлімнен тұрады. Қойылымның негізгі арқауы саясаи қуғын-сүргін салдарынан қаза болған тұлғалардың әндері айтылып, рухты мұрасы сахналанады. Әміршіл-әкімшіл жүйеге өр туындылары арқылы қарсы шығып, бостандықты насихаттаған қазақ өнерпаздарының рухына тағзым ету.

Біз көбінесе саяси қуғын-сүргінге ұшыраған қазақтың саясат жолындағы тұлғаларын көбірек айтқанымызбен, осы өнер тұлғалары, қуғын-сүргінге ұшыраған атақты сал-серілеріміз, жырауларымыз, ақындарымыз туралы көп айта бермейміз. Сондықтан бұл дәстүрлі өнер театры болғандықтан, біз осыған басымдылық бере отырып, шығармашыл тұлғалардың елдің мүддесі үшін күрескенін ашық көрсеткіміз келеді.

Қойылымның бірінші бөлімінде саяси қуғын-сүргінге ұшыраған сал-серілер мен ақындардың, күйшілер мен жыраулардың, әнші-композиторлар Үкілі Ыбырай, Иманжүсіп Құтпанұлы, Тұрмағанбет Ізтілеуұлы, Қапез Байғабылұлы, Сұлубай мен Бүркітбай, Аманғали, күйші Сейтек сынды өнер тұлғаларының өмірі мен шығармашылығы көрсетілсе,  екінші бөлімінде Міржақып Дулатов, Ахмет Байтұрсынов, Шәкерім Құдайбердіұлы, Жүсіпбек Аймауытов, Мағжан Жұмабаев, Сәкен Сейфуллин сынды ұлттық саяси – мәдени элитасының шығарған әндері де айтылып, тағдырлары сахналана отырып артында қалған рухты мұралары орындалатын болады.

Қазақ дәстүрлі ән өнерінде алаш зиялыларының шығарған әндер шоғыры - бір төбе. Олардың ерекшелігі - саяси қарсылық жасауға шақырғандары айқын көрініп тұрады. Ұлт қайраткерлерінің мемлекетшілдігі, болашақ жолындағы жан аямас күресіндегі шығармалары халықтың санасын оятып, ағартушылық жолындағы ерекше бір қыры болды.

Дата публикации: 03.05.2023
Я пойду!
Отметьтесь и расскажите об этом событии друзьям,
чтобы они смогли к вам присоединиться!
Место на карте
микрорайон Нуркент, 6

Комментарии (0)

Другие театральные постановки

Введите номер телефона
Ваш номер используется исключительно для того, чтобы наши партнеры смогли связаться с вами и не передается третьим лицам
Введите код из смс
Введите имя и фамилию

Выберите город

Возврат

ID Билета: